Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Сарыағаш қаласындағы №1 М.Әуезов мектеп гимназиясындағы жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратында ішкі сырлау модульді әжетхана орнату және мектептің сыртқы қабырғаларын қаптау, мектеп ауласын қоршау жұыстары жүргізілуде
Келесі кезекте, аудан әкімінің орынбасары Еңкес елді мекеніндегі №21 Ясауи мектебіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған мектепте, ескірген едендерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.Аудан әкімінің орынбасары жөндеу жұмыстарын бақылап, аудандық білім бөліміне және мердігер мекемеге балалар білім алатын ғимараттағы жөндеу жұмыстары барысында тек қана сапалы материалдарды пайдалануды және мерзімді аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі