
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде орналасқан «АгроФУД Қазақстан» шаруақожалығының жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Акмаль Кадырбеков 2016 жылы «АгроФУД Қазақстан» шаруақожалығының негізін қалап, жұмысын бастаған. Бүгінде интенсивті бау-бақша шаруашылығын дамытып отыр. 215 гектар аумақта алхоры, шабдалы және алма сияқты жоғары сұранысқа ие жеміс түрлері өсіріледі. Аталған шаруашылықта 76 адам тұрақты, ал маусымдық кезеңдерде қосымша 70 адам жұмыспен қамтылған. су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалану мақсатында шаруақожалықта тамшылатып суғару жүйесі енгізілген. Бұл – өнімділікті арттырумен қатар, экологиялық тиімділікті де қамтамасыз ететін озық тәжірибе.
Аудан әкімі өз сөзінде еңбек өнімділігі мен заманауи технологияларды үйлестіре білген осындай жобалардың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ әкімдік тарапынан кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі