
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Әбдіжаппар Рахимбердиев округтің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын бүгін өткен баспасөз мәслихатында жариялады. Брифинг барысында ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, тұрғын үй, инженерлік жүйелер, спорт және абаттандыру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылғаны атап өтті.
Қызылжар ауылдық округінде жалпы 288 агроқұрылым тіркелге. 2025 жылдың 6 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрап, жылдық жоспардың 69,7%-ы орындалған. Егістік жер көлемі 5200 га толық игеріліп, тамшылатып суғару әдісі бойынша 20 га аумақтан өнім алған. 2025 жылы 12 шақырым ұзындықта ауылдық округ арқылы өтетін каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ауылдық округ тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында Қызылжар және Жаскешу елді мекендерінен 62,1 га жер бөлініп, бүгінде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Қызылжар ауылдық округі толық ауыз су және электр энергиясымен қамтылған, көгілдір отынға жалпы 524 тұрғын үйдің 472-сі қосылған. Биыл тамыз айында 52 тұрғын үйді табиғи газбен қамтылады. Оған қоса, 2025 жылы 200-ден аса көше жарығы қалпына келтірілген.
Ауылдық округке қарасты Жаскешу елді мекенінде кіші футбол және воркаут алаңшасы, Ахметби көшесіне ойын алаңшасы салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген. Биыл екі елді мекенде қосымша спорт нысандарының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Ауылдық округке қарасты Ахмет би және Абдихайым-ата көшелеріне науа, Абай, Жастар,Иса Сағынұлы көшелеріне жарықшамдар орнатылған.
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ауылдық округ аумағына 2500-ге жуық декоративті ағаш отырғызылып, сенбіліктер мен тазалық шаралары тұрақты ұйымдастырылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі