САРЫАҒАШ: ШАЙХАНА  ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРУДЕ

САРЫАҒАШ: ШАЙХАНА  ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ БОЙ КӨТЕРУДЕ

 

 

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іссапарымен барып, Шайхана  елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның  құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.

 

- Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда,- деді аудан әкімі.

 

Дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары  «STANDARD SAMPLE » тарапынан  жүргізілуде. Қазіргі таңда, ғимаратқа ішкі әрлеу және есік-терезе орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі