САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ БАЯНДАЛДЫ

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Бүгін  Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұл қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы баспасөз- мәслихатында баяндады.

 

Айыпхан Ешанқұл ағымдағы  жылдың алғашқы жартыжылдығындағы негізгі көрсеткіштерге тоқталып, өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын мәлімдеді. Брифинг  аясында журналистер тарапынан және ауданның ресми парақшасында жүргізілген тікелей эфир барысында  қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Тазалық мәселесі бойынша: Сарыағаш қаласында  тұрғын үйлерден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды алып кету  қызметін жаңа мекеме жүргізеді. Сарыағаш қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі бұған дейін “Саялы-Сарыағаш” ЖШС тарапынан жүзеге асырылып келген. Алайда, қала тұрғындарының ай сайынғы төлемдерді уақытылы төлемеуінен мекеменің қаржылық жағдайы әлсіреп, қызмет көрсету сапасы төмендеген. Бұл жағдай техникалық ақаулар мен графиктен кешігуге себеп болды. Осыған байланысты, 2025 жылғы 19 маусымда өткен қоғамдастық жиналысында жаңа оператор ретінде “Сарыағаш Тазалық” мемлекеттік мекемесі бекітілді. Қазіргі таңда, мекемеде 27 жұмысшы мен 9 арнайы техника жұмыс істеп, бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Сарыағаш қаласының санитарлық- тазалығын «Таза қала» КММ мекемесі тарапынан жүргізіледі. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының аумағында қоқыс полигонын сенімгерлік басқару негізінде жұмыс жүргізетін  “SMB Group” ЖШС  қатысты 4 мәрте өрт оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде жоба иесіне әкімшілік және экологиялық заңнамалар аясында жалпы сомасы 1 838 210 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

Ауыз су мәселесі бойынша: Сарыағаш қаласына қарасты  Самал-3 мөлтек ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме анықталған. Нысанның құрылыс – монтаж жұмыстары басталуда.

Көктөбе және Телемұнара шағын аудандарына «Сарыағаш - Тұрмыс» МКК тарапынан, Мөлтек шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумаққа «Нұра топтық су құбыры» РМК «Оңтүстік ауыз су» филиалы «Сарыағаш топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі тарапынан ауыз су көлемінің жетіспеуіне байланысты бекітілген кестеге сәйкес берілуде.

 

Сарыағаш қаласы әкімінің баспасөз