САРЫАҒАШ: ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ШАҒЫН СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан  әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Тасқұлақ елді мекенінде  шағын су электр станциясын салу бойынша «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің төрағасымен кездесіп, жоба аясындағы дайындық жұмыстары, жергілікті инфрақұрылымның мүмкіндіктері және станцияның қуаттылығы туралы нақты мәселелер талқыланды.

 

Аудан басшысы мұндай бастамалар өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін арттырып, жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану арқылы экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық даму бағытында маңызды қадам екенін атап өтті.

 

Кездесу қорытындысында жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі