САРЫАҒАШ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе бойынша аудандық полиция басқармасының, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Сарыағаш аудандық мансап орталығының және «Сарыағаш-Қызмет» КММ баяндамалары тыңдалды.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері мен отырысқа қатысушылардың ұсыныс-пікірлері талқыланды.Сонымен қатар, отырыста аудан аумағындағы өзекті мәселелер бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.


Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі