«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Сарыағаш АЭЖ-нің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 8-9 шілде күндері сағат 05:00-09:00 аралығында «110/35/10-6кВ Полтароцкое» қосалқы станциясынан берілетін 35 кВ «Л-Центральная -1» әуе желісінде жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көрсетілген уақытта электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Электр жарығы уақытша тоқтатылатын нысандар мен елді мекендер:
• Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы
• Сарыағаш аудандық полиция басқармасы
• Т.Батыр, А.Сүлейменов, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектептері
• Арыстан баб және Қабланбек колледждері
• Қабланбек, Қызылжар ауылдық округтері және Дербісек елді мекені
• Сарыағаш қаласына қарасты Самал шағын ауданы
• Бәйтереков көшесі және көпқабатты тұрғын үйлер
• Ж.Сүлейменов, А.Сүлейменов, Шылғаубаев, Байбосын ата, Т.Аубакиров, И.Есенберлин, Күлтөбе, Алаш, А.Тоқаев, Мусин, Қапланбек, А.Ақтаев, Шымкентбай, Т.Қабылов, Б.Оспанов, И.Қалаубаев көшелері.
Сіздерден электр кернеуінің уақытша тоқтатылуына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.