Бүгін «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті. Фракция отырысына аудан әкімі Арман Абдуллаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, дербес бөлім және мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген «AMANAT» партиясының Сарыағаш ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2025 жылдың 5 айында орындалуы туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев баяндама жасады.
Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі