САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті XIX сессия отырысына қатысты. Кезекті сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ш.Ибрагимов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.
Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар беріліп, аудан басшысы өз бақылауында қарайтынын ескерте кетті.Сондай-ақ, аудан басшысы жиын қорытындысында белсенді ат салысып, қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғыс білдірді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі