САРЫАҒАШ:”ЗАҢ МЕН ТӘРТІП -БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ” БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ:”ЗАҢ МЕН ТӘРТІП -БІЗДІҢ ҰСТАНЫМ” БІРЫҢҒАЙ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
 
Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» апталығы аясында еліміз бойынша барлық мекемелер мен ұйымдарда бір мезгілде «Заң мен тәртіп – біздің ұстаным!» тақырыбында біріңғай адалдық сағаты ұйымдастырылды.Осыған орай, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ұжымы да бұл бастаманы қолдап, апталықтың соңғы жұмыс күнін адалдық сағатымен бастады. Іс-шара аппарат басшысы О.Ыбрайдың төрағалығымен өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылып, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және адалдық қағидаттарын насихаттауға бағытталды. Адалдық сағаты барысында аудандық заң бөлімшесінің басшысы А.Сарсенбеков сөз алып, әріптестерін құқықтық тәртіпті сақтау,сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі әрекеттерге жол бермеу,заңға құрметпен қарау және заңдарды сақтау қажеттілігіне қатысты мәселелерге ерекше мән беруге шақырды.
Адалдық сағатының негізгі мақсаты – ұжым ішінде құқықтық және этикалық мәдениетті нығайту, қоғамда заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдары туралы түсінікті арттыру болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі