САРЫАҒАШ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

САРЫАҒАШ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

 

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Қапланбек ауылындағы “Қапланбек” спорт кешенінде аудандық деңгейде мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті.
Спартакиаданың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Аталған іс-шараға аудан әкімдігі, қала және ауылдық округ әкімдіктері мен дербес бөлімдердің қызметкерлері қатысты.Спартакиада аясында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен, атап айтқанда кіші футбол, волейбол, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру және үстел теннисінен бақ сынасты. Мемлекеттік қызметпен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын, спортты өмірлеріне серік еткен қызметшілер бұл жолы да өздерінің жан-жақты екенін дәлелдеп, жоғары дайындық пен тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды аудан әкімі аппараты, ІІ орынды бөлімдер командасы (ауданның дербес бөлімдерінен құралған), ІІІ орынды Батыс командасы иеленді (Көктерек, Жарты төбе, Сарыағаш қаласының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда) иеленіп, дипломдар және кубоктар табыс етілді. Сонымен қатар, жекелеген қатысушыларға арнайы сыйлықтар,

Айта кетсек, мемлекеттік қызметшілер арасындағы бұл дәстүрлі спорттық шара ұжымда ұйымшылдықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.


Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі