Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, ардагерлер мен сала мамандары қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалады. Аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы да құттықтау сөз сөйледі.
-Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін сала. Сіздердің халыққа адал қызмет етіп, мемлекеттің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор, – деді Арман Абдуллаев өз сөзінде.
Мерекелік шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер Түркістан облысы әкімінің және аудан әкімдерінің, сондай-ақ аудандық мәслихаттың алғыс хаттарына ие болды. Сонымен қатар, сала ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, Арман Абдуллаев ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын арнайы алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Жиын соңында мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі