САРЫАҒАШ: ХАБАРЛАНДЫРУ

САРЫАҒАШ: ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Елімізде 2025-2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы» бекітілді.

Құжат қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, қазіргі құқықтық жағдайға талдау жасалып, заң мен тәртіп идеологиясын дамыту жолдары айқындалған.

Аталған тұжырымдама аясында азаматтардың құқықтық санасын көтеру, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары көзделген.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында
2025 жылғы 23 маусымда сағат 15:00-де
Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында
облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен бастамасымен құрылған мобильді топтың қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтеді.

Қоғамдық қабылдауға барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі