САРЫАҒАШ: “JEMISTI FOOD” КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

САРЫАҒАШ: “JEMISTI FOOD” КӘСІПОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

 

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Дихан баба елді мекенінде орналасқан “Jemisti Food” ЖШС-нің жұмысымен танысты. Аудан әкімі кәсіпорын ұжымының еңбегіне оң бағасын беріп, жергілікті өндірістің дамуы аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

 

Аталған кәсіпорын сүт өнімдерін қайта өңдеу бағытында жұмыс істеп, ұлттық тағамдар – сары май мен құрт өндіруді қолға алған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы. Цех заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған, бұл өндіріс процесінің тиімділігі мен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының тұрғындарынан жиналған 4 тонна сүтті өңдеп, дайын өнімді Астана қаласының нарығына шығарылуда.

 

“Jemisti Food” ЖШС-і жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да айрықша мән беруде. Кәсіпорында 7 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Қызметкерлердің орташа жалақысы – 180 000 теңге.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі