
Бүгін Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» балаларды жазғы сауықтыру орталығына арнайы барып, жөндеу жұмыстарының сапасын, маусымға дайындығын тексерді.
Құрылыс алаңында болған аудан әкімі бірқатар ескертулер айтып, білім бөлімі мен мердігерлерге жұмысты сапалы атқаруды, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін қатаң ескертіп, құрылыс нормативін сақтай отырып, кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. Оған қоса, аудан басшысы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әшірбек Адеевке балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-спорттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу және тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
Сарыағаш аудан әкімінің баспасөз қызметі