Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын саралады.
Құрылыс нысанының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігерге тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратовқа құрылыс барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бүгінгі таңда үш қабатты 3 тұрғын үйдің терезелері орнатылып, 2 тұрғын үйдің үшінші қабатының кірпіштерін қалау жұмыстары жүргізілуде. Жеке инвесторлар тарапынан үш қабатты 7 тұрғын үй салынып жатыр. Әр тұрғын үйде 24 пәтер бар. Оның ішінде: 3 бөлмеліден 42 пәтер, 2 бөлмеліден 84 пәтер, 1 бөлмеліден 42 пәтер.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі