САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ОҢТАЙЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ОҢТАЙЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
 
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында техникалық кеңес өтті. Кеңеске салаға жауапты басшылар және мамандары, жобалаушы және мердігер мекеме қатысты.
 
Кеңес барысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды. Мамандар тарапынан ағымдағы жобалар бойынша техникалық ұсыныстар мен нақты шешімдер ұсынылды.
 
-Бір ғана мақсат-халық үшін жасалынып жатқан дүние сапалы болуы қажет, жауапкершілікпен қараңыздар. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – басты басымдықтардың бірі, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады,-деп Арман Абдуллаев бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтіп, тиісті бөлім мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Жауапты тараптарға белгіленген мерзім ішінде нақты нәтижелер көрсету міндеттелді.Сонымен қатар, жұмысты ширатуды тапсырды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі