САРЫАҒАШ: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗІ

САРЫАҒАШ: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ НЕГІЗІ


Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп әділеттіліктің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға құзырлы орган, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ордаларының қызметкерлері, жастар және ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында спикерлер тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Оған қоса, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп,аудандық мәдениет үйінің өнерпездарының дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетсек,жиынның мақсаты - жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, жазғы демалысты тиімді пайдалану, қылмыс пен құққық бұзушылықа жол бермеу және суға шомылу маусымындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі