САРЫАҒАШТА ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

САРЫАҒАШ. Түркістан облысында әлеуметтік қолдау қызметтерін цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы нақты нәтижелердің бірі – 5 маусым күні Сарыағаш ауданында өткен FSM Social және Socium платформаларын енгізуге арналған оқыту семинарының табысты өтуі.

📍 Семинар аясында цифрлық жүйелердің мүмкіндіктері мен қолдану тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, мамандар тәжірибелік тұрғыдан оқытылды.

✅ 458 маман FSM жүйесіне 100% тіркеліп, ақпараттар толық әрі дәл жолданды. Қосымша түзету қажет болмауы – ауданның жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.

👥 Мобильдік топтардың құрамына Білім, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, Отбасы қолдау орталығы салаларының мамандары тартылды. Бұл – тұрғындарға кешенді әрі сапалы қолдау көрсетуге бағытталған маңызды тетік.

🏛 Аудан әкімдігінің үйлестіруі мен қолдауының нәтижесінде іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл Сарыағаш ауданында әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа сапалық кезеңге шыққанын білдіреді.

🔗 FSM жүйесі – нақты көмек пен тиімді нәтиженің кепілі.
Сарыағаш – цифрлық әлеуметтік қолдаудың сенімді үлгісі.