САРЫАҒАШ:  ЖАРТЫ ТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ  ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

САРЫАҒАШ:  ЖАРТЫ ТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ  ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
 
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жарты төбе ауылдық округіне жұмыс сапары барысында елді мекендерді сапалы электр қуатымен қатамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысының жай-күйімен танысты.
 
Аудан басшысы Бостандық, Ынтымақ, және Құрама елді мекендеріне қарасты көшелердің электр бағаналарын жаңарту жұмыстарының барысын аралап, мердігерге электр бағаналары мен желілерін, трансформатордарды толық ауыстырғаннан кейін елді мекенде бұған қатысты мәселе болмауы қажет екенін ескертті. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде атқаруын қадағалауды ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С. Қарақұловқа тапсырды.
 
Аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналары бетон бағаналарымен жаңартылып, жаңа трансформатор қондырғысы орнатылады. Тапсырыс беруші мекеме ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі