САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ  ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ  ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты мақсаттарының бірі. Бұл бағытта аудандағы  елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы ретте, Сарыағаш ауданының әкімі  Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып,  Достық  елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарының мән-жайымен танысты.

 

Тапсырыс беруші ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Бүгінде, құрылыс-монтаж жұмыстары 85 пайызға орындалған.

Мердігер  «Универсал Строй Сервис» ЖШС-і. Жоба бойынша  су қоймасы (резервуар 500м3), 1-ші және 2-ші көтерілім насостық станциясы, қуаттылығы 63 кВа болатын трансформатор қондырғысы қарастырылған.

 

Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне  бірқатар сын-ескертпелер келтіріп, жұмысты құрылыс нормативіне сәйкес және сапалы материалдарды пайдала отырып,  жүргізуді  жүктеді. Сонымен қатар,  мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысыс.Қарақұловқа   ұдайы бақылауда ұстауды, тапсырмалардың орындалу мерзімін жіті  бақылауында болатынын ескертті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі