
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппарат басшысы, дербес бөлім және мемлекеттік орган, мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжіліс алдында аудан басшысы аудандағы жаңа кадрлық тағайындауларға тоқталып өтті.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе әскерге шақырту бойынша Келес және Сарыағаш аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Б.Шахирбаев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Келесі мәселе салықтық түсімдерді ұлғайту туралы Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т.Алиевтің баяндамасы тыңдалды.
Жиын барысында бюджет қаражатының игерілуі және әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштердің жоспарына сәйкес жұмыстардың нәтижесін ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Мұратов баяндады.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе тұрғын үйлерді құжаттандыру бойынша бекітілген қадамдық жоспардың орындалуы туралы ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Қосмуратов айтып өтті.
-Бізде атқарылып жатқан жұмыстың аналитикасы болуы қажет, мәселенің мақсаты айқындалуы қажет сонда ғана нәтиже болады,-деп Арман Абдуллаев салаға жауапты басшыларға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселе кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, өзекті мәселелерді шешудің нақты ұсыныстары әзірленіп, нақты мерзімі көрсетіліп,хаттамаға енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі