САРЫАҒАШ:ӘЛІМТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

САРЫАҒАШ:ӘЛІМТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

 

Сарыағаш ауданына қарасты шалғайда орналасқан Әлімтау ауылдық округінде елді мекен тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округке қарасты Көктал елді мекенінде 5 дана электр бағаналарын,оған қоса ұзындығы 200 метр құрайтын электр сымдарын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Елді мекенге қарасты 17 тұрғын үй сапалы электр желісімен қамтылды.

Бүгінде Әлімтау елді мекенінде 8 дана бағананы жаңарту, 350 метр электр сымдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 180-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Айта кетсек, аталған елді мекен көшелеріндегі ескірген ағаш бағаналары бетон бағаналарымен жаңартылды. Тапсырыс беруші мекеме «Оңтүстік Жарық» ЖШС-і.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі