САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып Әділ Ташпулатов тағайындалды.

Әділ Ташпулатов 1980 жылы 28 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде бастаған.
2000– 2016 жылдар аралығында А.Сулейменов, №5 С.Ысмайылов және №36 Қ.Тоқмұхамедов жалпы орта мектебтерінде мұғалім, Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер, №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директор орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016-2025 жылдары аралығында Сарыағаш ауданында орналасқан №4 балалар және жасөспірім спорт мектебінің директоры лауазымында қызмет атқарып келген.

Жаңа басшыны аудан әкінің тапсырмасына сәйкес ұжымға аппарат басшысы О.Ыбрай арнайы барып таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі