“Таза Қазақстан» аясында ауданның белсенді жастары Сарыағаш қаласында орналасқан жастар аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізіп,атсалысты. Тазалық шарасы барысында жастар бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, шөптерді орды. Оған қоса. ағаштарды суару жұмыстарын жүргізді.
Тазалық — денсаулық кепілі. Ал денсаулық – әр адамның өмірінің байлығы. Осы қағиданы тек науқандық шараға ғана айналдырмай, біздің күнделікті тіршілігіміздің тынысы мен міндеті санай білсек, "Таза Қазақстанның" бейнесі де әрқашан жарық та жарқын болатыны сөзсіз.
Осы ретте,барша аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына,сенбілікке атсалысуға шақырамыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі