Бокстан Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан Шри-Ланка мемлекетінде 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жаткан Азия чемпионатында Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылының тумасы Аружан Жаңабаева 63 келі және Дархан ауылынан Шұғыла Нәлібай 75 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасы сапында аталған чемпионатқа қатысып, қарсыластарына шақ келтірмей АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ атанды.
Айта кетсек, қос боксшымыз бұған дейін Сары құрлықта жасөспірімдер арасында екі рет чемпион атанған. Қос аруымыз Сарыағаш қаласындағы №1 Қажымұқан спорт мектебінің түлектері. Шұғыланың алғашқы жаттықтырушысы Нұрсұлтан Арысбаев және Болат Беласаров, ал Аружанның бапкері Ринат Галимов.
Бүгінде 18 жасқа енді толған боксшыларымыз 22 жасқа дейін жастар арасында жеңімпаз атанып, ересектер арасындағы жекпе-жектерге дайын екендіктерін көрсетіп мақсаттарына бір табан жақындады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі