Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы № 25 ШЕШІМІ Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы, Ақжар және Құркелес ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 8 мамырдағы

 

25 ШЕШІМІ

 

 

Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы,

Ақжар және Құркелес ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. Құркелес ауылдық округі әкімінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына, Сарыағаш қаласы мен Ақжар ауылдық округі әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Сарыағаш қаласы, Ақжар және Құркелес ауылдық округ әкімдерінің  сайлауы  2024 жылдың 16 маусымына тағайындалсын.
  2. Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы, Ақжар және Құркелес ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. 3. Осы шешім Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде және жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында  жариялансын.

 

        

Комиссия төрағасы                                 Ж.Ажибеков

 

Комиссия хатшысы                                 Б.Кошкаров

 

Дата публикации
08 мая 2024