«Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Сарыағаш ауданы әкімдігінің

«____» ________ 2025 жылғы

№___ қаулысына  7 қосымша

 

 

«Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Шораұлы көшесі 44А, индекс 160900.
  10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  12. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету; 

4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.

5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

8) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

9) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзуға жол берілгендігі анықталған жағдайда бұзушыларға белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару;

2) нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы;

3) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және анықталған заң бұзушылық бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;

            4) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;

            5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;               

6) қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

8) ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында жоспарлауға, қалыптастыруға қатысады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалары және бағдарламаларын талдауға және дамытуға қатысуға құқылы;

Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

            2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

            3) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

            4) мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

            5) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады. Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

6) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді.  Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттык талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;

7) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалауды, сондай -ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

8) аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;

9) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық- әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

- қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

10) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

11) мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
            3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

4) ауданның мемлекеттік мәдениет, спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру жөнінде ұсыныс дайындайды;

9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi; 

10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындайды;            

11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

            12) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

14) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

15) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

16) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi; 

17) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

18) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

19) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

20) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

21) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

22) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

25) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

26) ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

27) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

28) маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаны қабылдау және қарау;

  29) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
  3. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
  4. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
12 июня 2026