Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған “TURKISTAN ROBO CUP 2025” республикалық робототехника турнирі алғаш рет өткен болатын. Шара облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен болды. Турнирге барлығы 250-ге жуық оқушы қатысып, заманауи технологиялар әлемінде өзара бақ сынасты.
Жарыс өңірде білім беру және спорттық робототехниканы кеңінен насихаттауға, жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және инженерлік мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған. Жарыс кіші және жоғары жас топтарында робот құрастыру, роботтар шайқасы, биатлон және лабиринт санаттары бойынша ұйымдастырылған.
Нәтижесінде креативті роботтар құрастырылып, үздіктер анықталды.
Турнир 4 санат бойынша ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған командалар келесідей:
«Робот құрастыру» (6-9 жас аралығы):
🏅 Жамбыл облысы – Bee Bots командасы
«Биатлон» (12-16 жас аралығы):
🏅 Шымкент қаласы – RoboPARK 2 командасы
«Лабиринт» (12-16 жас аралығы):
🏅 Түркістан облысы, Кентау қаласы – RoboPARK 2 командасы
«Роботтар шайқасы» (9-14 жас аралығы):
🏅 Қызылорда облысы – ROBOSTARKZO командасы
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Аталмыш сайыста тек балалар ғана емес, олардың жаттықтырушылары да марапатсыз қалмады.