КИБЕРАЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

КИБЕРАЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

       Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” кешенінде “Кибералаяқтық: Алдын алу, Қорғау, Жауапкершілік” тақырыбында форум өтті. Іс-шараны Түркістан облысының Полиция департаменті ұйымдастырды.

       Форум аясында цифрлық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың түрлері, олардан қорғану жолдары және құқықтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.
Форум жұмысына Ішкі істер министрлігі, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, IT саласының мамандары мен сарапшылар қатысты.

       Шараның басты мақсаты – қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың интернеттегі алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейту.

       Сонымен қатар, Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы форумда инновациялық IT жобалар мен стартаптарды көпшілік назарына ұсынып, өңірдің цифрлық даму бағытындағы тың бастамаларымен таныстырды.

       Цифрлық болашақ – қауіпсіз қоғамнан басталады!