«WORLD ROBOT OLYMPIAD» РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

«WORLD ROBOT OLYMPIAD» РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

       Олимпиаданың өңірлік кезеңі Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жоғары деңгейде өтті.
       Аталмыш сайысқа облысымыздан 30-ға жуық команда қатысуға өтінім берді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің техникалық білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу дағдыларын паш етті.
       Олимпиаданың ашылу салтанатында мектептің директоры Түсіпжанов Айдын Елеусізұлы сөз сөйлеп, бүгінгі жас ұрпақтың инженерлік ойлауы мен заманауи технологияларға қызығушылығы – еліміздің жарқын болашағының кепілі және аталған жарыс балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оларды болашақтағы үлкен жетістіктері екенін және робототехника мен инновациялық технологиялардың маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.
       Жарыста жеңімпаздар белгілі бір категориялар бойынша анықталды. «Robosports» категориясы бойынша 1 орынды Мақтаралдық «RoboRangers» тобы жеңіп алса, «Robomission|Junior» категориясы бойынша Кентаулық «KentauRobotics» тобы 1 орынды еншіледі.
       WORLD ROBOT OLYMPIAD – бұл жәй ғана жарыс емес, бұл болашақ инженерлер мен жаңашылдардың алғашқы қадамдары.еров и новаторов