Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Кентау қаласында «Kentau Smart Hub» Жасанды Интеллект мектебі ашылған болатын.
Кентау ЖИ мектебінің оқушылары Шымкент қаласында өткен «RoboPark Liga x 2025» республикалық робототехника жарысында бас жүлдені иеленді.
Сайысқа Алматы, Түркістан, Тараз, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан ең үздік командалар қатысып, Robo Sumo, Биатлон, RoboKids категориялары бойынша бақ сынасты.
Бұл жеңіс — оқушылардың қажырлы еңбегінің, ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарының және ата-аналардың қолдауының айқын нәтижесі.