
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуды Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Бүгін осыған орай, цифрландыру басқармасының қызметкерлері ЖИ технологияларын жұмыс процесіне енгізу және оны тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған оқыту семинарына қатысты.
Семинар барысында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, оны мемлекеттік басқаруда қолдану тәсілдері және жұмыс үдерістерін оңтайландыру бағыттары талқыланды. Қатысушылар ЖИ-ді тиімді пайдалану дағдыларын меңгеріп, озық тәжірибемен танысты.
Цифрлық технологияларды дамыту және оларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу – Қазақстанның цифрлық трансформация жолындағы маңызды қадамдарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

