109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

109 ОБЛЫСТЫҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

         Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын заманауи техникалармен жабдықталған байланыс орталық #Ашық әкімдік, #Халықтық әкімдік тұжырымдамаларға сай, іске асқан. Нақтырақ айтқанда, мұнда азаматтар коммуналдық-тұрмыстық мәселелер, білім беру, әкімдік қызметтер бойынша да сұрақтарын қойып, ақпарат алып, арыз-шағымдарын айта алады. Бұл тұрғыда байланыс орталығы - жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайтуға өз септігін тигізеді.

        Ел Президенті жүктеп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыра отырып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюға да әсерін тигізеді.

         «Цифрлық даму орталығы» КММ 6 бөлім, 82 штат бірлігі қаралған. Соның ішінде 109 бөлімінде 21 қызметкер штаттық режимде, 1 қызметкер ақылы қоғамдықпен жұмыс атқаруда.

Анықтама үшін:

2 ауысым бойынша қызметкерлер жұмыс істейді:

- 2 жұмыс күні 11 сағат, 2 демалыс күні 2/2;

- 5 күн жұмыс істейді, 2 күн демалады 5/2;

Орталықтың жұмыс қағидасы:

Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Орталық 5 бағыт (желі) бойынша жұмыс істейді.

- 1 желі-операторлар;

 операторлар 109-орталыққа келіп түскен барлық өтінімдерді қабылдайды және «Aikey» арнайы ақпараттық жүйесіне енгізумен айналысады. Сонымен қатар, тұрғындардан келіп түскен өтініштерге жауап беру мақсатында кері байланысқа шығады.

- 2 бағыт (желі) – инспекторлар;

109 орталықтың инспекторлары тіркелген өтініштерді зерделейді, оларды орындау үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға жібереді, тұрғындардың өтініштеріне жауап алу бойынша толыққанды және уақытылы жұмыс жүргізеді.

- 3 бағыт (желі) – орындаушылар;

орындаушылар-мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметкерлері. Жұмыс жүргізеді, жетелеушілердің келіп түскен өтініштеріне уақытылы жауап береді. Әрбір жауапты қызметкерде "Aikey" ақпараттық жүйесінде пайдаланушының есептік жазбасы ашылады. Ол жеке компьютер немесе "Aikey 109" мобильді қосымшасы арқылы жазбаға кіріп, жауап бере алады.

- 4 бағыт (желі) – талдаушылар;

талдаушылар-орталыққа келіп түскен өтініштер бойынша қайталанатын мекенжай тізілімдері бойынша талдамалық анықтама жасайтын, шешілмеген мәселелер бойынша есеп жасайтын, өңірлер бойынша халықтың әлеуметтік шиеленісін құрайтын топ.

– 5 бағыт (желі) - әдіскерлер.

әдіскерлер-жаңа пайдаланушыларды тіркейді, "Aikey" ақпараттық жүйесіне кірмеген жаңа мекенжайлар жүйенің білім қорын толтырады.

 

          Байланыс орталыққа қазіргі уақытқа дейін 377 011  өтінім келіп түскен, оның 376 674 өтінім дер кезінде жабылып 99.25% құрап отыр.

2023 жылдың қыркүйек айының 06 жұлдызына дейін 108 528 қоңырау түсіп, 108 191  өтінім дер кезінде жабылып, 302 өтінім жұмыс барысында, 35 өтінім мерзімі өткен.

 

Қоңырау категорияларының 5 түрі бар:

  1. Консультация – 83276;
  2. Оқиға (арыз-шағым) – 24945;
  3. Шағым – 146;
  4. Алғыс – 138;
  5. Ұсыныс – 23;

 

АУДАН/ҚАЛА

ЖАЛПЫ САНЫ

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА

МЕРЗІМІ ӨТКЕН

УАҚЫТЫЛЫ ЖАБЫЛДЫ

МЕРЗІМІ ӨТІП ЖАБЫЛДЫ

1

Түркістан ҚАЛАСЫ

66883

172

23

64910

1778

2

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ

11368

64

9

10660

635

3

САЙРАМ АУДАНЫ

5912

22

0

5770

120

4

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ

3648

15

0

3588

45

5

САУРАН ТАУДАНЫ

2991

4

1

2949

37

6

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ

2202

7

1

2106

88

7

АРЫС ҚАЛАСЫ

2058

3

0

2048

7

8

СОЗАҚ АУДАНЫ

1765

3

0

1762

0

9

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ

1763

1

0

1721

41

10

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ

1675

2

0

1619

54

11

Сарыағаш АУДАНЫ

1597

2

0

1498

97

12

ОТЫРАРА АУДАНЫ

1339

0

0

1337

2

13

Шардара АУДАНЫ

1236

3

0

1193

40

14

КЕЛЕС АУДАНЫ

1205

1

1

1170

33

15

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ

998

3

0

959

36

16

Мақтаарал АУДАНЫ

959

0

0

932

27

17

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ

929

0

0

859

70

 

 

108528

302

35

105081

3110

 

 

 

Орталыққа өтініш беру көздері:

  • 109 қысқа нөмеріне қоңырау шалу арқылы;
  • Whatsapp (+77011313109) желісі;
  • Instagram (@turkistan_oblysy.109);
  • Facebook (Байланыс орталығы);
  • "Aikey" мобильді қосымшасы;
  • чат бот Telegram @turkobl_109_bot .

 

Анықтама үшін:

   Жиі қойылатын сұрақтар және қолданылатын ақпараттық жүйелер.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша, яғни электр жарығы, ауызсу, газ, қоқыс қалдықтары, ветеринарлық қызмет, көше жарық шамдары, кәріз құдықшалары және жол мәселелері.

  Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 700-800 қоңырау қабылданады.