«Жайдарманның»арнайы жобасы Сайрам ауданында жүзеге асуда.
2024 жылдың 11-қазан күні, сағат 16:00. Ақсукент елдімекені, Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сайрам ауданы әкімінің кубогы» «Жайдарман» сайысы өтеді.
Қатысатын командалар: Ақбұлақ (Түркістан облысы); Самал-3 (Шымкент қаласы); Мадмуазель (Шымкент қаласы); Абырой (Түркістан облысы); Төле би (Түркістан облысы); Эверест (Алматы қаласы); Бізде осы (Ақтөбе облысы); Шапалақ (Талдықорған қаласы).
Құрметті көрермен қауым!
Келіңіздер, көріңіздер! Әзілге толы кешті тамашалап, кубок иегерін бірге анықтайық! Кіру тегін!