Аудан әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауылындағы облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автожол аумағына арнайы барып, Рубин мен темір жол көпірі аралығындағы жол қозғалысының ашылу барысымен танысты. Бұл аудан көлеміндегі көліктер кептелісін азайтып, сондай-ақ, тұрғындардың жүруіне қолайлы мүмкіндік жасайтынын атап өтті.
Аталмыш автожолдың 25,5-33,8 шақырым аралығына (Рубин мен М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолы 8,3 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары биыл наурыз айының соңында басталған болатын. Жол-құрылыс жұмыстары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырыс беруімен «Береке-А» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді.
Айта кетейік, облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автожолындағы жол-құрылыс жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.