СЕССИЯДА БЮДЖЕТ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЕССИЯДА БЮДЖЕТ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

     ###Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудан әкімінің орынбасары, «Amanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессия жұмысын Сайрам аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов жүргізіп отырды.

     Кезекті сессияның күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Сайрам ауданы ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы мәселелер талқыланды.

     Басқосу барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева аталған тақырып аясында баяндама жасап, мүдделі мекеме басшыларының сауалдарына тиісті жауаптар берді.

      Күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы тұрақты комиссияның бірлескен отырысында алдын-ала талқыланып, сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданды.