"ЖАСЫЛ АЙМАҚ АПТАЛЫҒЫ САЙРАМДА ЖАЛҒАСУДА

"ЖАСЫЛ АЙМАҚ АПТАЛЫҒЫ САЙРАМДА ЖАЛҒАСУДА
 
     «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы жалғасын табуда. Апталық негізінде 22 сәуір күні Манкент ауылдық округі аумағындағы облыстық, аудандық автомобиль жолдары және ішкі көшелердің бойында әктеу, шөп ору, ағаштар отырғызу және бағаналар мен құбарлырды сырлау абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
     Акция апталығына ауыл белсенділері мен жастар, мекеме қызметкерлері және қоғамдық жұмысшылар 75 адам белсенді қатысып, 150 дана ағаш отырғызылды.