«КИЕЛІ МЕКЕН»: АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІКТЕ 23 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

«КИЕЛІ МЕКЕН»: АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІКТЕ 23 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

     Сайрам ауданына қарасты Қасымбек Датқа, Әсіларық, Көмешбұлақ, Теспе, Құтарыс ауылдарында «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында ауқымды сенбілік өткізілді. Аталған сенбілікке облыстық басқармалар, «Жастар ресурстық орталығының» жастары, аудан әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері, «Аmanat» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы мен мәслихат депутаттары, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жастары, аудан колледждеріндегі студенттер мен ерікті жастар қатысты. Бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғауға білім беру мекемелері мен ауылдық округтің медициналық пунктінің қызметкерлері, ардагерлер мен ауыл билері белсене атсалысты .
     Ауқымды тазалық шарасына қатысушылар 11 аймаққа бөлініп, жалпы 1230 азамат Шымкент-Шаян тас жолының бойына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Құтарыс ауылындағы Абай көшесінің бойына 10 түп емен ағашы көшеттерін отырғызды. Ал, ауылдық округ тұрғындары тарапынан ағаштардың түптерін әктеу және бұтау, аумақты артық шөптерден арылту, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбеттерін сырлау, қираған жерлерді қалпына келтіру, көшет егу жұмыстары жүргізілді.
     Аудан аумағындағы сенбілік шарасы барысында 26 техниканың жұмылдырылуымен 23 тонна қоқыс шығарылды.