Спорт-денсаулық кепілі. Аудан орталығында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде жас спортшылардың шеберлігін арттыру, халықтар арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР Құрметті спорт қайраткері Әмірхан Шәдиевті еске алуға арналған 2008-2010 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында еркін күрестен турнир өткізілуде.
Турнирге көршілес Өзбекстан, Қырғыстан елдерінен және еліміздің түпкір-түпкірінен жас спортшылар қатысуда.
Жеңімпаздар тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі