САЙРАМДА ЖЫЛЫЖАЙДА БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

САЙРАМДА ЖЫЛЫЖАЙДА БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

Бүгін аудан әкімі  Арман Сәбитов  еліміздегі алғашқы өнеркәсіп көлемінде банан өндіретін кәсіпорын жұмысымен танысты. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі деп күтілуде. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан жылыжай жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 1% қамтамасыз етіп отыр. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарлануда. Жалпы банан бізге Эквадор елінен көршілес Ресейдегі Санкт-Петербург қаласының портына келіп, одан біздің елге жол тартады. Егер мұндай кәсіпорындардың саны артса, біз ішкі нарықтың кемінде 30% -. қамтамасыз етеміз.  Кездесуде кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отырғанын алға тартты. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.  Жобаның құны бірінші кезеңде 4 млн АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ екеінін атап өтеміз. Бұндай ірі көлемдегі кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар болып шықты. Бұл өз кезегінде ауданның потенциалын артып отыр.  

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі