Бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысының ардагері Претов Ергашты еске алуға арналған іс-шара өтті.
А.Претов 1906 жылы Қарамұрт ауылында дүниеге келген. Сайрам аудандық комиссариатынан 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, соғыс майданында қаза тапқан. 1943 жылдың 10 қаңтарында Ресей елінің Ленинград облысы Полав ауданы, Шечков северо-восточный ауылында жерленген.
Алдымен ауданның бас имамы С.Темірбеков марқұмның рухына құран бағыштады. Мұнан кейін майдангерді еске алуға бір минуттік үнсіздік жарияланды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевсөз сөйледі.
- Бүгін Сіздермен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан Претов Ергаш атамызды құрметпен еске аламыз.
Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елеусіз қалмас» деп айтқан жақсы сөзі бар.
Ардагеріміз сұрапыл соғыс жылдары от пен оқтың арасында қан кешіп, ел мен жерді қорғаған.
Батырлар рухын қастерлеген мұсылман қауымының ұрпағымыз.
Бабалар рухына тағзым ете, атамыздың немересі Абдуғани азаматтығын танытты. Ресей елінің Новгород облысындағы Парфин ауданында бауырластар мазарында жерленген атасының мазарына барып, тағзым етіп, топырағын елімізге алып келді.
Бұл іс-шараның арқасында сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдары елден жырақ қалған Ергеш атамыздың рухын бізбен және туған туыстарымен қауыштырды деп ойлаймын.
Бабалар рухына тағзым ету - әрбір ұрпақтың парызы.
Марқұм майдангеріміздің өшпес ерлігі, қайсарлығы мен батырлығы есімізде мәңгілік сақталады.
Кейінгі сөз кезегінде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковнигі Н.Дюсебаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облысының филиалының төрағасы А.Үмбеталиев, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысының ардагері мен мүгедектері кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Бегимовтер ой-пікірлерін жеткізді.
Басшылар мен ардагерлер «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.
Аталмыш шараға аудандық мекеме-ұйым басшылары, зиялы қауым өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, аудан тұрғындары және ардагердің жақындары қатысты.
Мұнан кейін ардагерді туған жері Қарамұрт ауылының аумағындағы саябақта еске алып, топырағын «Калон баб» мазаратына жерлеу рәсімімен жалғасты.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
САЙРАМ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ТАҒЗЫМ
Бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Ақсукент ауылындағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысының ардагері Претов Ергашты еске алуға арналған іс-шара өтті.
А.Претов 1906 жылы Қарамұрт ауылында дүниеге келген. Сайрам аудандық комиссариатынан 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, соғыс майданында қаза тапқан. 1943 жылдың 10 қаңтарында Ресей елінің Ленинград облысы Полав ауданы, Шечков северо-восточный ауылында жерленген.
Алдымен ауданның бас имамы С.Темірбеков марқұмның рухына құран бағыштады. Мұнан кейін майдангерді еске алуға бір минуттік үнсіздік жарияланды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйледі.