
Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында ауылдық округіне қатысты өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Алдымен Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаев тұрғындарға өзекті мәселелерді рет-ретімен таныстырды.
- Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілген жерлерге инфрақұрылым жүйелерімен қамту;
- Шіркін елді мекеніндегі Ж.Шертаев және Т.Алжанов көшелеріндегі ауыз су құбырларын ауыстыру;
- Сарыарық елді мекеніндегі Б.Одаманов көше және Қасымбек датқа ауылындағы Қ.Мұсаев көшелерінің 2-ші тұйық көшесін орта жөндеу;
- Таскешу ауылындағы Жаңақұрылыс-3 көшесіне тас төсеу, Ошақты ауылына балалар спорт алаңшасын салу және ауыз су мәселесі;
- Шіркін ауылындағы Т.Әлжанов көшесін орта жөндеу, Қасымбек датқа ауылындағы Ө.Аширов көшесіне жарықтандыру және Қ.Мұсаев көшесі бойындағы көше жарықтандыру бағаналарына түрлі түсті ою-өрнекті жарық шамдарын орнату;
- ауылдық округі елді мекендеріне жарнамалық щиттерді дайындау, «Қайнар Астық» ӨК-нің мүшелерінің өздеріне тиесілі пай үлестерін алу;
- Таскешу елді мекеніндегі тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілген жерлерге инфрақұрылым жүйелерін жүргізу;
- Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің апаттық жағдайы;
- Қасымбек датқа ауылындағы Жаңақұрылыс көшесін орта жөндеу және елді мекеніндегі коммуналдық үйлерге жылу беру және өзге де мәселелер.
Сөз кезегінде коммуналдық-шаруашылық салада мәселелер көтерілді. Оның ішінде электр жарығын жеткізу, трансформаторды зерделеу, газ жүйесі және есептегіш құралдарымен қамту, жол құрылысы, коммуналдық көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесін реттеу секілді мәселелерге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймырза Бейсембаев жауап берді.
Ал, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев спорт нысанының құжаттары дайындалып, қаржыландыру үшін бюджетке ұсынылғанын айтты. Кездесу соңында Мадияр Мұхтарұлы өзекті мәселелердің шешу жолдары заң аясында қарастырылатынын атап өтіп, тиісті сала басшылары ауылдық округтің әкімімен бірлесе орындауға тапсырды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі