Мен екінші топтағы мүгедекпін. Мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымнан тағы да төлемдер алғым келеді. Бұл үшін маған не қажет?

Мен екінші топтағы мүгедекпін. Мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымнан тағы да төлемдер алғым келеді. Бұл үшін маған не қажет?

Мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдар тобына және мүгедектік белгіленген мерзіміне қарамастан, БЖЗҚ-даерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтардан зейнетақы төлемдерін ала алады.

Зейнетақы жинақтарын төлеуге өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенімді тұлға, сондай-ақ пошта арқылы да беруге болады. Зейнетақы жинақтарын алуға өтінішті enpf.kzсайты арқылы онлайн режимінде берген өте ыңғайлы. Ол үшін өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет, оны даegov.kz порталынан қашықтан алуға болады.

БЖЗҚ алушыда мүгедектіктің бар-жоғын"Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі-МК) мен БЖЗҚ арасында жасалған келісім шеңберінде веб-сервис арқылы мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкінен МК арқылы мәліметтер алу жолымен дербес тексереді.

Айта кетейік, БЖЗҚ-да мерзімсіз уақытқа 1-2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін барып қызмет көрсету ұйымдастырылған. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтердіқашықтықтан, бармай-ақалу мүмкіндігін тексеру жүзеге асырылады

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы