"Қазпошта" АҚ арқылы шалғайдағы елді мекендерде "БЖЗҚ" АҚ қатысуын кеңейту

"Қазпошта" АҚ арқылы шалғайдағы елді мекендерде "БЖЗҚ" АҚ қатысуын кеңейту

Еліміздің шалғай елдімекендерінде трансферагенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ АҚ  "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне "Қазпошта"АҚбөлімшелерін қосымша қосу жұмысын жалғастыруда.

Осылайша, қазіргі кезде БЖЗҚ қызметтерін "Қазпошта"АҚ-ның 376 бөлімшесіненалуғаболады.

Естеріңізге сала кетейік, "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ бірлескен жобасының арқасында Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі операцияларды жүргізе алады:

* салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық  мекен жайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);

* хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ қызметтеріне электрондық формата қол жеткізу үшін).

2022 жылдың І жартыжылдығында Қор салымшылары (алушылары) "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен 6,5 мыңға жуық қызмет алды. БЖЗҚ қызметтерінің Қазпошта бөлімшелерінде барынша жоғары сұранысқа ие болуы Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда.

Қосымша деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын" Қазпошта " АҚ бөлімшелерінің тізімін Сіз enpf.kz сайтының "Қызметтер" бөлімінде таба аласыз.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т. б. үйден шықпай-ақ, Қор  сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болатынын хабарлаймыз.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы