Қайырлы күн! Бәрімізге белгілі, ағымдағы жылдың басынан бастап біз, БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарымыз есебінен жылжымайтын мүлік сатып ала аламыз. Менің жағдайымда 5,5 миллион теңге сомасындағы «зейнетақым» маған пәтер сатып алуға көмектесуі тиіс еді, бірақ сатушы күтпеді және оны басқа клиентке сата салды. Қазір менің ақшам «Отбасы банкте» «тұрып қалды», енді пайдаланылмаған ақшамның тағдыры не болады? Олар БЖЗҚ-дағы менің шотыма қаншалықты тез қайтарылады? Мені қандай шығындар күтуі мүмкін?

Қайырлы күн! Бәрімізге белгілі, ағымдағы жылдың басынан бастап біз, БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарымыз есебінен жылжымайтын мүлік сатып ала аламыз. Менің жағдайымда 5,5 миллион теңге сомасындағы «зейнетақым» маған пәтер сатып алуға көмектесуі тиіс еді, бірақ сатушы күтпеді және оны басқа клиентке сата салды. Қазір менің ақшам «Отбасы банкте»  «тұрып қалды», енді пайдаланылмаған ақшамның тағдыры не болады? Олар БЖЗҚ-дағы менің шотыма қаншалықты тез қайтарылады? Мені қандай шығындар күтуі мүмкін?

Біржолғы зейнетақы төлемі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚуәкілетті операторындағы арнайы шотқа түскеннен кейін алушы 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларының13-тармағына сәйкес) уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсынады.

Уәкілетті оператор растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағызейнетақы шотына қайтарылуы тиіс.

Сонымен қатар, аударылған соманы сіз «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға тиісті өтінішберу арқылы қайтара аласыз, оны банк алушыдан қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.

Салымшы сұраған зейнетақы жинақтарының сомасы БЖЗҚ-дан уәкілетті оператордың арнайы шотына аударылғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл сома инвестициялық басқаруға қатыспайтынына және тиісінше оған инвестициялық табыстың есептелуі тоқтатылатынына назар аударамыз.

Егер ықтимал шығындар туралы айтатын болсақ, мысалы, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92% құрады. Осы деректерді негізге алсақ, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5,5 млн теңге мөлшеріндегі біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасын уәкілетті оператордың арнайы шотынан БЖЗҚ-ға қайтару кезінде салымшы толық алмаған инвестициялық табыстың мөлшері шамамен 100 мың теңге болуы мүмкін.

Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды. Сондай-ақ,БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген әдіске сәйкес жеке табыс салығы(ЖТС) есептеліп, ұсталады.

Осыны негізге ала отырып, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару, инвестициялық табысты және мемлекет кепілдігін жоғалту, сондай-ақ, ЖТС-ты мерзімінен бұрын есептеу жағдайларын болдырмау үшін салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жауапкершілікпен және мұқият жоспарлауды ұсынамыз. Өтінім бергенге дейін зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.

 

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы