Қайырлы күн! Мен Өзбекстан азаматымын, сауда саласында жұмыс істеймін. Қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе, соны білгім келеді?

Қайырлы күн! Мен Өзбекстан азаматымын, сауда саласында жұмыс істеймін.  Қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысуға құқығым бар ма және жұмыс берушім мен үшін зейнетақы жарналарын төлеуге тиіс пе, соны білгім келеді?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамдар үшін – азаматтығы жоқ адамның куәлігі) болған кезде Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.

Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде болған болса, онда олар Қазақстан Республикасында уақытша тұратындар қатарында есептеледі және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандырылуға құқықтары жоқ, оның ішінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеуге құқықтары жоқ болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға құқықтары бар. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтініш беруге келетін болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты режимде жүзеге асырылады, тиісінше, жеке тұлғалардың оны ашу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну қажеттілігі жоқ. Жеке тұлғаныңБЖЗҚ-да МЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-сы болмаған жағдайда, ол агент БЖЗҚ-ға жеке тұлғаның электрондық төлем тапсырмасында көрсетілгендеректемелеріне аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан келіп түскенМЗЖ-ның бастапқы сомасынегізінде ашылады. Осыған байланысты БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін жеке тұлғалардың ЖЗШ ашу туралы өтініші талап етілмейді.

 

"БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы