ҰЛТТЫҚ САНАҚ КАМПАНИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ САНАҚ КАМПАНИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалық еткен мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, Полиция бастығының орынбасары С.Ботабеков, статистика басқарма бастығы Б.Нұршайқова, Жұмыспен қамту орталығының директоры Н.Сарыбеков қатысты. Аудан бойынша «COVID-19 инфекциясына қарсы І компонент-20110 адамға вакциналау жүргізілді (Оның ішінде: Ақсукент АОА-сы 11930 адамға, Қарабұлақ АОА-сы 8180 адамға). ІІ компонент 4700 адамға вакциналау жүргізілді (Оның ішінде: Ақсукент АОА-сы 2969 адамға, Қарабұлақ АОА-сы 1731 адамға) Вакцина алушылар бірінші кезекте медицина, білім, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері болып отыр, - деп баяндады СЭС басшысы Е.Түктібай. Айта кетсек Карантин режимінің талаптарын бұзған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 бөлігіне сәйкес, 263 айыппұл бойынша 14,1 млн. теңгесі ((30 АЕК бойынша 255 жеке тұлғаға 11,2 млн. теңге, 8 жеке кәсіпкерге 2,9 млн. теңге) 2021 жылдың жыл басынан бері салынған.  Сондай-ақ Сайрам ауданына 1-кезеңдегі санақ тәртібінде тұрақты тұратындар санын нақтылай І-кезеңнің жұмысы толық басталды. Аудан бойынша 37 сұхбатшы 6 санақ учаскесіне бөлінген, әр санақ учаскесінде ауыл округтері топтастырылған.

1.Сайрам ауданы статистика басқармасында

2.Қарабұлақ ауыл округінде

3.Қарасу ауыл округінде

4.Көлкент ауыл округінде

5.Манкент ауыл округінде

6.Құтарыс ауыл округінде санақ учаскелер интернет желісімен қамтылған, жұмыс кабинеттері бар, компьютермен қамтамасыз етілген.

Сұхбатшылар жұмысқа қажетті планшет, папка қаламсап, дәптер, ысқырықпен қамтамасыз етіліп, Ұлттық санақ – 2021 жыл екі кезеңі көрсетілген 11 ауыл округінде 14 көрнекі құрал ілінді.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі