ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАСЫМ БАҒЫТ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАСЫМ БАҒЫТ

Сайрам ауданы аумағындағы 42 елді мекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған. Ал, 7 ауылда газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан елді мекендер - 5, табиғи газ жүйелерінің жобалық, сметалық құжаттамалары дайындалған елді мекендер - 4.  Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен табиғи газ жүйелері жүргізілмеген елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мысалы, Ақсуабат елді мекенінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Сметалық құны-771,683 млн. тенге құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен мердігер мекеме "Ақ Орда Корпорациясы" ЖШС-і жеңімпаз болып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құтарыс - Қызылжар елді мекендерінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Сметалық құны - 1,2 млрд. теңге құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесімен мердігер мекеме "Құрылыс- Т.А" ЖШС-і жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тоған елді мекенін газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Конкурстық құны - 168 млн. теңге құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесімен мердігер мекеме "Құрылыс Энерго KZ" ЖШС-і жеңімпаз атанып, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Таскешу елді мекенін газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттк сараптамасының қорытындысы алынды. Конкурстық құны - 222 422 662,5 млн. тенге құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.  Сондай-ақ Көлкент - 2418,488 млн. теңге, Ақарыс-Оймауыт - 630,624 млн. теңге, Сарыарық - 136,937 млн. теңгеге аталған елді мекендерді газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда облыстық бюджет есебінен қаражат қарастыруға өтінім тиісті құжаттарымен бірге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Айта кетсек аталған елді мекендерге табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарын толық жүргізген жағдайда аудан аумағындағы елді мекендер 100 % табиғи газбен қамтылатын болады.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі